RU
Толық нұсқаға өту

Румынияда президент сайлауында Никушор Дан жеңіске жетті

19.05.2025, 07:18 594

Румынияда өткен Президент сайлауының екінші кезеңінде Бухарест мэрі Никушор Дан жеңіске жетті. Ол сайлаушылардың 55,16% дауысын жинаған. Оның қарсыласы, оппозициялық «Румындар одағы» партиясының жетекшісі Джордже Симионды дауыс берушілердің 44,84% қолдады. Симион саяси науқандағы жеңілісін мойындап, Никушор Данға жеңісімен құттықтау хатын жолдады.

Дан Румынияның Еуроодақ және НАТО-мен ынтымақтастығын күшейтіп, АҚШ-пен стратегиялық серіктестігін нығайту қажет деп есептейді. Елдің қорғаныс шығынын ЖІӨ-нің 2,5%-тен 3,5%-ке дейін арттыруды маңызды санайды. Сонымен қатар оперативті күштер құру жоспарын жариялады. Бұл кибершабуыл мен дезинформацияға қарсы күресуді көздейді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz