RU
Толық нұсқаға өту

Байденге қатерлі ісік диагнозы қойылды

19.05.2025, 07:20 514

АҚШ-тың бұрынғы президенті Джо Байден қуықасты безі қатерлі ісігіне шалдыққан. Бұл туралы «Рейтер» агенттігі экс-президенттің кеңесіне сілтеме жасап хабарлады.

Олардың мәліметіне қарағанда, диагноз 3 күн бұрын қойылған. Дерт ағзаға таралып, сүйекке метастаза берілген. Бірақ хабарламада ауру агрессивті болғанымен, оны тиімді түрде емдеуге болады деп жазылған. Қазір Байден мен оның отбасы емдеу нұсқаларын дәрігерлермен бірге талқылап жатыр. Байденнің денсаулығы мен ақыл-ойы бұған дейін де бұқаралық ақпарат құралдарының назарында болған еді. Ол ең қарт президент ретінде тарихқа енді.

Ал кәсіби білікті мамандар дерттің соңғы стадиясында екенін ескеріп оны емдеу мүмкін еместігін айтады. «Алайда ісіктің дамуын жылдар бойы қадағалап, бақылауға алуға мүмкіндік бар», – дейді.

Крис Джордж, Northwestern Health Network обырға қарсы күрес бағдарламасының директоры:

- Сүйекке дейін таралған қуықасты безі қатерлі ісігін жылдар бойы бақылауда ұстауға болады. 2 немесе 3 жыл қадағалауға мүмкіндік бар. Кей науқастардың өмір жасын тіпті 6 жылға дейін ұзартуға болады. Сол себепті экс-президент жыл сайын медициналық тексеруден өтіп, мамандардың бақылауында болуы тиіс.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz