Биыл Өзбекстанда шегіртке ерте шықты. Зиянкестер әсіресе елдің оңтүстік аймағында көп. Әлеуметтік желіде таралған видеода олардың құммен жорғалап келе жатқанын көруге болады. Жергілікті тұрғындар шегірткенің егін алқаптарына тигізер зардабы зор екенін айтып жатыр.
Тиісті органдар 593 мың гектар алқаптың 226 мыңы химиямен дәріленгенін хабарлады. Өзбекстанда жәндіктің 100-ге жуық түрі бар. Оның 8-і топ болып ұшып, айналаға зиянын тигізеді. Осыны ескерген Дүниежүзілік азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы Өзбекстанға 8 көлік берді. Олар шекірткемен күрес үшін арнайы қондырғымен жабдықталған.
Нодирбек Туфлиев, Өзбекстан өсімдіктер карантині және қорғау ҒЗИ зертхана меңгерушісі:
- Шегірткелерді жою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жәндіктер күн сайын 50-60 шақырымға дейін ұша алады, негізінен сексеуіл жапырағын жейді. Егіс алқаптарына зиянын тигізбеуі үшін химиялық өңдеуге бар күшті жұмылдырған жөн. Оның ішінде шекаралас өңірлерде жәндіктің таралу қаупін азайту мақсатында арнайы шаралар қолға алынды.
Тегтер #Өзбекстан #шегірткемен күрес #зиянкестер #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz