Владимир Путин Ақ үй басшысы Дональд Трамппен бүгін Астана уақытымен сағат 19:00-де телефон арқылы сөйлеседі. Бұл туралы Кремльдің ресми өкілі Дмитрий Песков хабарлады.
Оның айтуынша, Ыстанбұлда өткен Ресей мен Украина делегацияларының кездесуінен кейін байланыс орнатудың маңызы зор. «Тараптар келісімге келген жағдайда ресми жолығуы мүмкін», – дейді ол. Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп ресейлік әріптесі Путинмен бүгін телефон арқылы байланысқа шығатынын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
Тегтер #Владимир Путин #Дональд Трамп #Ресей Украина келіссөзі #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz