RU
Толық нұсқаға өту

Трамп пен Путин телефон арқылы сөйлесті

19.05.2025, 23:36 311

Дональд Трамп пен Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті.

Екі басшының әңгімесі 2 сағаттан астам уақытқа жалғасқан. Ресей президенті оның пайдалы әрі конструктивті өткенін хабарлап, Ақ үй басшысына тікелей келіссөздердің қайта жанданғаны үшін алғыс білдірді. Владимир Путиннің айтуынша, Дональд Трамп Украинада оқ атуды тоқтату бойынша өз көзқарасын ұсынған. Кремль басшысы тиісті келісімдер орындалғаннан кейін ғана оқ атуды доғару мүмкін екенін жеткізді. Ол Мәскеу мен Киев екі тараптың да көңілінен шығатын бір мәмілеге келу керектігін де атап өтті. Алдағы уақытта Ресей президентінің баспасөз хатшысы телефон арқылы әңгімелесуге қатысты толығырақ мәлімет беретінін жеткізді. Украиналық ақпарат құралдарының хабарлауынша, бұның алдында Дональд Трамп Украина президентімен телефон арқылы сөйлескен. Енді Кремль басшысымен әңгімелескеннен кейін Трамп Владимир Зеленскийге қайта қоңырау шалуы тиіс.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz