RU
Толық нұсқаға өту

ДДСҰ бөлімшелерінің жартысы жабылады

20.05.2025, 07:13 374

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басқарушы лауазымдағы қызметкерлерінің саны екі есе азаяды, деп хабарлайды 24kz.

Сонымен қатар департаменттерінің жартысы жабылады. Өйткені қаржыландыру көлемі азайған. Бұл туралы ұйымның бас директоры Женевада басталған Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының сессиясында жария етті. Тедрос Адханом Гебрейесус осы аптада бюджеттің кеміген нұсқасын қайта қарастыратындарын айтты. Оның құны 4 миллиард доллар. Бұл әуелде белгіленген бюджеттен 21%-ке аз. Дональд Трамп қаңтарда өз қызметіне кірісе, салысымен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан шығу туралы жарлыққа қол қойды. Өйткені мүше елдер арасында жарна төлеу бойынша әділетсіз жүйе қалыптасқанын айтқан. Бұған дейін АҚШ ұйымның ең ірі доноры болып келді.

Тедрос Адханом Гебрейесус, ДДСҰ бас директоры:

- Әрине, ауыз толытырып айтатындай жетістігіміз аз емес. Бірақ кейінгі кездері біраз қиындыққа тап болғанымызды да айту керек. Қаржының қысқаруынан кемі 70 елдегі науқастар қажетті емін қабылдай алмай отыр. Медициналық мекемелер жабылып, әріптестеріміз жұмыссыз қалуда. Науқастарға да ауыртпалық түсіп отыр. Себебі олардың дәрігерге қаралу шығындары артқан.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz