Израиль Газа секторына БҰҰ-ның гуманитарлық көмек тиеген 9 жүк көлігін өткізуге рұқсат берді, деп хабарлайды 24kz.
Оның көп бөлігі балаларға арналған тағам. Израиль 11 аптаға созылған шектеуден кейін алғаш рет рұқсат беру туралы шешімге келді. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, БҰҰ-ның гуманитарлық комитет басшысы бастаманы құптаған. Бірақ бұл тек теңізге тамған тамшыдай екенін атап өтті. Өйткені 2 млн-нан астам палестиналық ас-суға зәру. Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху бұл шешімді АҚШ Сенатының қысымынан кейін қабылдағанын мәлімдеді. Ол азық-түлік жеткізу ісі әскери және жеке компаниялар гуманитарлық көмек тарату орталықтарын құрғанша жалғасатынын айтты.
Тегтер #Израиль #Газа секторы #гуманитарлық жүк #Биньямин НетаньяхуPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz