АҚШ Президенті Дональд Трамп ересектерге арналған анайы фотосуреттер мен бейнематериалдарды таратуға шектеу қоятын заң жобасына қол қойды, деп хабарлайды 24kz.
Құжат ғаламторда рұқсатсыз интимдік суреттер мен бейнематериалды, жасанды интеллект көмегімен жасалған дипфейктерді таратуға тыйым салуды көздейді. Заң бұзу әрекеті қылмыс деп танылады. Веб-сайт пен әлеуметтік медиа платформасы жәбірленушілер өтініш жасағаннан кейін 2 тәулік ішінде мұндай материалды алып тастауға міндетті. АҚШ-тың бірінші ханымы Мелания Трамп бастаманы Конгрессте қолдап, оның заң жүзінде қабылдануына үлес қосты. Ол наурыз айында алғаш рет Капитолийге барып, Палата өкілдерін заң жобасын қабылдауға көндірген.
Тегтер #Дональд Трамп #шектеу #заңPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz