RU
Толық нұсқаға өту

АҚШ-та Гондурасқа 38 мигрант өз еркімен депортацияланды

20.05.2025, 12:57 411

АҚШ-тан Гондурасқа 38 мигрант қоныс аударды, деп хабарлайды 24kz.

Олар «Өз еркімен депортациялау» бағдарламасы бойынша кеткен. Бұл үшін келімсектерге ұшақ билеті, тамақ және 1 мың доллар берілді. Аталған бағдарлама айдың басында іске қосылды. Өз еркімен кеткісі келмейтін заңсыз мигранттар қамауға алынады. АҚШ-тың Ішкі қауіпсіздік министрлігі қамауда ұстаудың шығыны 17 мың долларға жететінін айтады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz