АҚШ билігі Иранға келіссөздердің бесінші кезеңін өткізуді ұсынып отыр. Ресми Вашингтон кездесудің өтетін уақыты мен орнын белгілеп қойған.
Қазір Ислам Республикасының билігі оған қатысу-қатыспау мәселесін қарастырып жатыр. Тараптар Иранның ядролық бағдарламасы бойынша бір мәмілеге келе алмай отыр. Америкалықтар Тегераннан уранды байыту мөлшерін азайтуды талап етеді. Сонда санкцияларды алып тастаймыз дейді. Екі жақтың делегациялары бұған дейін 4 рет тікелей емес келіссөздер өткізген. Оған Оман билігі арағайындық танытқан. Сондықтан екі кездесу осы елде тағы 2 басқосу Италияда өткен еді.
Тегтер #АҚШ Иран #келіссөздер #24KZ #ядролық бағдарламаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz