RU
Толық нұсқаға өту

Газа секторында тамақ ұрлау көбейіп барады

21.05.2025, 08:00 577

Газа секторында азық-түлік қолды болып жатыр.

Өйткені халыққа тамақ жетпейді. 2 жарым ай шектеуден кейін Израиль өңірге гуманитарлық көмекті өткізуге рұқсат берді. Бүгін Газаға жүк тиелген 100 көлік кіруі тиіс. Тағы бір мәселе, онсызда тұрғындарға жетпей жатқан азық-түлікті ұрлап, сататындар көбейді дейді БҰҰ өкілдері. Ал 2 миллионға жуық адамға күн сайын кемі 500 көлік азық-түлік жеткізу қажет.  

Йенс Лерке, БҰҰ-ның гуманитарлық сұрақтарды үйлестіру жөніндегі басқармасының өкілі:

"Көмекті көбейту керек. 100 жүк көлігінің өзі де аз. Газаға азық-түлік неғұрлым аз жеткізілсе, соғұрлым тұрғындар арасында үрей арта түсіп, олар жаман әрекетке бара бастайды".

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz