Еуропалық одақ Сириядан барлық санкцияны алып тастауға шешім қабылдады.
Бұл туралы Дипломатия басшысы Кая Каллас мәлімдеген. Оның айтуынша, бұл Сирия халқына соғыстан қираған елді қалпына келтіруге және бейбіт, әділ қоғам құруға көмектесу үшін қажет. ЕуроОдақ аталған шектеулерді 2012 жылы енгізген. Содан бері араб мемлекеті мұнайын сата алмай, инвестиция тарта алмай, Еуропадағы активтерін ала алмай келді. Сондай-ақ озық технология мен белгілі бір құрал-жабдықтарды сатып алуға рұқсат берілмеді. Өткен аптада АҚШ президенті Дональд Трамп та Сирия үкіметіне салынған санкцияларды алатынын айтқан болатын.
Тегтер #Еуроодақ #Сирия #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz