RU
Толық нұсқаға өту

Өзбекстанда газ бен электр қуатын ұрлау жиілеген

21.05.2025, 14:31 303

Өзбекстанда бір аптада 2,9 млн доллардың газы мен электр қуаты заңсыз пайдаланылған.

Полиция осындай 92 фактіні анықтады. «Өзэнергоинспекцияның» ақпаратына сәйкес, жеті күнде 1,8 млн текше метр көгілдір отын ұрланып, салдарынан мемлекетке 5,45 млрд сум яғни 420 мың доллар  залал келді. Сонымен қатар тұрғындар тарапынан электр энергиясын заңсыз қосу фактілері тиылмай тұр. Содан  шамамен  32,45 млрд сум немесе 2,5 млн доллар шығын келген Анықталған фактілер негізінде 126 әкімшілік хаттама толтырылды. Еске салайық, былтыр газ бен электр энергиясын заңсыз пайдаланған өзбекстандықтар мемлекетке 108 млн доллар шығын келтірген. Ал биыл қаңтар мен ақпан аралығында тұрғындар 25 млн доллардың газын заңсыз пайдаланыпты.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz