Газа секторында 14 мың сәби шетінеуі мүмкін. Біріккен ұлттар ұйымы осылай деп дабыл қақты, деп хабарлайды 24kz.
«Бүлдіршіндер қыршын кетпес үшін 2 күн ішінде анклавқа гуманитарлық көмек жеткізу қажет», - дейді. Палестиналық нәрестелер арнайы тамақ пен дәрі-дәрмекке мұқтаж. Израиль әскері Газаға беталған 10 жүк көлігінің 5-еуін ғана бекеттен өткізген. Бірақ олардың өзі әлі діттеген жеріне жете алмай жатыр. Жалпы палестиналықтардың 90%-тен астамына азық-түлік жетіспейді, ал 65%-іне ауызсуға зәру.
Тегтер #БҰҰ #Газа секторы #сәбилер #анклав #гуманитарлық көмекPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz