RU
Толық нұсқаға өту

Римде АҚШ пен Иран арасында келіссөз өтеді

22.05.2025, 11:30 284

Ертең Римде Иран мен АҚШ арасында ядролық бағдарлама бойынша келіссөздің бесінші кезеңі өтеді. Бұл туралы Оманның Сыртқы істер министрі Бадр Әл-бусаиди әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеген.

Әзірге делегация құрамы жарияланған жоқ. Сәуір айынан бері Вашингтон мен Тегеран Оманның арағайындығымен 4 рет келіссөз жүргізді. Оларға парсы елінің Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи және АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф қатысқан. Тегеран америкалық санкцияларды алып тастау және Иран мұнайын сатып алып отырған Қытай кәсіпкерлеріне қысым жасауды тоқтату талабын қойды. Мұның қарымтасына парсы елі уран өндіру байыту көлемін төмендетпек ниетте.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz