Пентагон Қатар патшасы әулеті сыйлаған Boeing 747-8 ұшағын қабылдап алды. Лайнердің құны 400 миллион долларға жуықтайды. Associated Press-тің хабарлауынша, әуе кемесін президент ұшатындай етіп, қауіпсіздік және жайлылық жағынан қайта жасақтайды.
Бұл сыйлық Дональд Трампқа Таяу Шығыс елдеріне жасаған 4 күнді турне кезінде берілген. Бұл басқа саясаткерлер мен ақпарат құралдарының өткір сынына ұшырады. АҚШ Сенатына президентті тасымалдау үшін шетелдік ұшақтарды қолдануға тыйым салатын заң жобасы ұсынылған. Сенаторлардың пікірінше, Ақ үй басшысы шетелдік үкіметтерден қымбат сыйлық алмауы керек.
Тегтер #Пентагон #Дональд Трамп #ұшақ #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz