Ресей мен Украинаның келесі келіссөздері маусымның ортасында Ватиканда өтуі мүмкін.
Бұл туралы "Зе Уолл Стрит Джорнэл" басылымы хабарлайды. Кездесуге екі тараптан кімнің қатысатыны белгісіз. Бірақ АҚШ атынан мемлекеттік хатшы Марко Рубио мен Ақ үй басшысының Украина бойынша арнайы өкілі Кит Келлог барады дейді басылым өкілдері. Бұған дейін Рим папасы XIV Лев тараптарға Ватиканды кездесу алаңы ретінде ұсынған. Естеріңізде болса, 16 мамырда кейінгі 3 жылда алғаш рет Ресей мен Украина делегацияларының тікелей келіссөздері өткен еді. Тараптар Ыстамбұлда бас қосқан. Кездесу қорытындысы бойынша екі жақ тұтқын алмасуға келісіп, келіссөздердің жалғасу мүмкіндігі барын айтқан.
Тегтер #ресей украина #Келіссөз #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz