RU
Толық нұсқаға өту

Трамп Еуроодақтан импортталатын тауарларға 50% баж салығын салуды ұсынды

23.05.2025, 23:35 419

1 шілдеден бастап Еуроодақтан АҚШ-қа импортталатын тауарларға 50% баж салығы енгізілуі мүмкін. Бұл туралы Дональд Трамп мәлімдеді.

Ақ үй басшысы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында одақпен келіссөздердің нәтижесіз өтіп жатқанын жазған. Айта кеткен жөн, 2 сәуірде АҚШ президенті Еуроодақтан келетін тауарларға 20% тариф енгізген еді. Бірақ 3 айға оны 10%-ке дейін уақытша азайтқан. Сол уақыттан бері келіссөздер жүргізіліп жатыр. Тараптар ортақ мәмілеге келе алмаса, одақ өкілдері америкалық тауарларға баж салығын енгізуге дайын екендерін ескертеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz