Римде Иран мен АҚШ арасында ядролық бағдарламаға қатысты жанама келіссөздердің бесінші кезеңі аяқталды.
Тараптар диалогты жалғастыруға уағдаласты. Оман сыртқы істер министрі Бадр бин Хамад әл-Бусаидидің айтуынша, қатысушылар белгілі бір прогреске қол жеткізгенімен нақты келісімге келе алмады деді. Кездесуде Иран ядролық бағдарламасы мен АҚШ салған санкцияларды кезең-кезеңімен алып тастау мәселелері талқыланды.
Тегтер #АҚШ #Иран #Келіссөз #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz