RU
Толық нұсқаға өту

Канн фестивалінің жеңімпаздары жария етілді

25.05.2025, 14:00 609

78-ші Канн фестивалінің жеңімпаздары жария етілді. Бас жүлде – «Алтын пальма бұтағын» биыл «Жай кездейсоқтық» фильмі иеленді. Ол ирандық режиссер Жафар Панахидің туындысы. Түрмедегі азаптаулар туралы кино түсірілімдері биліктің рұқсатынсыз жасырын өткен. Режиссердің жұмысын Иранда талай рет қысқартып, тіпті көрсетпей қойған. Ал өзі екі рет түрмеге отырған.

Фестивальдің Гран-приі Данияның «Сезімтал құндылық» фильміне бұйырды. «Ең үздік режиссура» аталымы бойынша бас жүлде Бразилияның «Құпия агент» туындысына берілді. Халықаралық кинофестиваль жыл сайын Францияның Канн қаласында өтеді. Биыл негізгі байқауға 22 фильм қатысты. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz