RU
Толық нұсқаға өту

Австралияда су тасқыны салдарынан 32 мың тұрғын оқшауда қалып қойды

26.05.2025, 07:15 348

Австралияда тасқыннан жолдарды су шайып кетіп, 14 қала мен ауыл оқшауланып қалды, деп хабарлайды 24kz.

Бұл аймақта 32 мың адам тұрады. Тасқынның беті қайта бастағанымен, оларға көмек тек тікұшақтармен жеткізіліп жатыр.

Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында мамырдың ортасынан бері толассыз жауған нөсерден өзендер арнасынан тасып, 150 елді мекенді су басқан еді. Қауіпті аймақ тұрғындары эвакуация орталықтарында тұрып жатыр. Табиғат апатынан 5 адам опат болған. 10 мыңнан аса ғимаратқа су кірген.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz