RU
Толық нұсқаға өту

Газада Израиль шабуылынан 20 адам қаза тапты

26.05.2025, 11:24 320

Газа секторында Израиль мектепті бомбалап, 20 адам қаза тапты, деп хабарлайды 24kz.

Білім ордасы Ад-Дарадж ауданында орналасқан. Бұл туралы Ливанның Al Mayadeen телеарнасы хабарлады. Ғимаратта босқындар болған.

Қайғылы оқиға орнында құтқарушылар мен дәрігерлер жұмыс істеп жатыр. Израиль анклавта 1 апта бұрын ауқымды әскери операция бастаған. Ресми Тель-Авив: «Бұл жолғы шабуылдардың мақсаты – ХАМАС-ты толығымен жою және тұтқындарды босату», - дейді. Осы сәтке дейін Израиль палестиналық әскери топтың 670-тен астам нысанын талқандап, Газа секторының 77% аумағын жаулап алған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz