RU
Толық нұсқаға өту

Дональд Трамп Еуроодаққа салық салуды 9 шілдеге шегерді

26.05.2025, 12:12 343

Дональд Трамп Еуропалық одақ елдерінен келетін тауарларға 50% салық салуды 9 шілдеге дейін шегерді, деп хабарлайды 24kz.

Осылайша, келіссөз жүргізуге уақыт берілген. Ақ үй басшысы Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйенмен сөйлескеннен кейін осындай шешімге келгенін айтады.

Урсула: «Еуропа АҚШ-пен тиімді мәміле жасасуға дайын», - деп мәлімдеген еді. Трамп сәуірде Еуропадан келетін болат, алюминий мен автокөлікке 25%-тік тариф енгізді. Бұл мемлекет шығынын азайтуға және өндіріс орындарын АҚШ аумағына қайтаруға бағытталған шара.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz