Қытайда алғаш рет гуманоид роботтар арасында бокстан турнир өтті. Ережеге сай егер қарсыласы құлап, 8 секундта орнынан тұра алмаса жеңіледі.
Ақылды құлтемірлер қашықтан дауыс арқылы басқарылады. Роботтар адамның іс-қимылын айна-қатесіз қайталайды. Секундына екі метрге дейінгі жылдамдықпен қозғалады. Соққысы дөп тиеді. Өйткені құлтемірлер арнайы датчиктер мен камералардың негізінде жұмыс істейді. Ғалымдар: «Болашақта мұндай роботтар кәсіби боксшылардың жаттықтырушысына айналуы мүмкін», – деп отыр.
Тегтер #Қытай #роботтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz