Сауд Арабиясында алкоголь сатуға рұқсат беріледі. The Guardian басылымының мәліметінше, Эр-Риядта дипломаттар тұратын ауданда алғашқы дүкен ашылады. Бірақ мұнда жергілікті тұрғындарға кіруге рұқсат жоқ. Алкогольді ішімдік тек шетелдік туристерге сатылмақ. Биліктегілер: «Осы арқылы елдегі ішімдіктің заңсыз саудасын тыямыз», – деп отыр.
Айта кетейік, Сауд Арабиясында алкогольді ішімдік сатуға 1952 жылы тыйым салынған еді.
Тегтер #Сауд Арабиясы #алкоголь #Эр Рияд #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz