RU
Толық нұсқаға өту

Пәкістанда дауылдан 20 адам көз жұмды

27.05.2025, 13:50 294

Пәкістанның солтүстік-шығысында дауыл салдарынан 20 адам ажал құшты.

Тағы 150-і жараланған. Бұл туралы "Таймс оф Индия" басылымы хабарлады. Дауыл жауын-шашын мен бұршақ ала келген. Әсіресе Исламабад және Лахор қалалары зардап шекті. Күшті жел ағаштарды опырып, ғимараттарды қиратып, жарнама бағандарын құлатқан. Теміржол және әуе қатынасы тоқтап қалды. Жергілікті метеорологтар күн райы әлі бірнеше күнге дейін оңалмайды дейді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz