RU
Толық нұсқаға өту

Қытайда химия зауытында болған жойқын жарылыстан 5 адам опат болды

27.05.2025, 21:31 420

Қытайдың Шаньдун провинциясындағы химия зауытында жойқын жарылыс болды, деп хабарлайды 24kz.

Соңғы ақпарат бойынша 5 адам опат болып, тағы 19-ы жарақат алған. Қазір 6 жұмысшы іздестіріліп жатыр. Жарылыстың қуатты болғаны сонша, 3 шақырым жердегі тұрғын үйлер теңселіп, терезелері сынған. «Рейтер» агенттігінің мәліметінше, төтенше жағдай өнеркәсіптік аймақ орналасқан Вэйфан қаласында болды. Жергілікті тұрғындар көкке көтерілген қою қалың қара түтінді 7 шақырым қашықтықтан байқаған. Өртті ауыздықтауға 230-дан аса құтқарушы жұмылдырылды. Зауыт пестицидтер мен медициналық мақсаттағы химиялық заттар шығарады. Апат себебі әзірге белгісіз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz