Буритияда ормандағы өртке байланысты 90 адам қауіпсіз жаққа көшірілді. Өйткені от ауылдар мен басқа елді мекендерге жақындай бастаған.
Республиканың Орман шаруашылығы агентігінің ақпараты бойынша 43 өрт ошағы бар. Тілсіз жау 84 мың гектар аумақты жалмап үлгерген. Табиғи апатпен күресу ісіне мыңға жуық өрт сөндіруші және 200-ден астам арнаулы техника тартылды.
Естеріңізге сала кетейік, Бурятиядағы өрт наурызда басталған. Оттың тұтануына көп жағдайда салақтық себеп болған.
Тегтер #Бурятия #орман өрті #эвакуация #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz