Канаданың Манитоба провинциясында ормандағы өртке байланысты төтенше жағдай режимі енгізілді. Аймақта 22 от ошағы тіркелген.
Тілсіз жау қазіргі сәтке дейін 40 мыңнан астам гектар жасыл желекті күлге айналдырды. Өрт аумағынан 17 мыңға жуық адам көшірілген. Табиғи апатпен күресу ісіне ондаған өрт сөндіруші, арнаулы техника мен авиация тартылды.
Естеріңізге сала кетейік, жыл басынан бері Канадада шамамен 200 мың гектар орман алқабы отқа оранған.
Тегтер #Канада #орман өрті #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz