Канар аралдарының маңында мигранттар мінген қайық апатқа ұшырады.
Қайғылы оқиға салдарынан 7 адам опат болды. Құрбандардың 3-уі – бала. "Рейтер" агенттігі қалған 173 жолаушының құтқарылғанын хабарлады.
Бұл архипелагқа жыл сайын өте көп мигрант барады. Көбі Мали, Сенегал және Мароккодан. Испания Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, былтыр Канар аралдарына 64 мың босқын табан тіреген. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 13 пайызға артық көрсеткіш.
Тегтер #Испания #канар аралдары #мигрант #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz