Түркияда ара терапиясына сұраныс артты.
Жергілікті медициналық орталықтардың мәліметі бойынша, соңғы бір жылда бұл әдіспен жүз мыңдаған адам ем алған. Науқастар саны әсіресе наурыз бен мамыр аралығында көбейеді. Себебі осы уақытта бал арасының пайдасы көп екен.
Тұрғындар бал мен ара желіміне қанығып, ерекше емдік қасиетке ие болады. Науқастар арнайы маска арқылы буымен күніне 1 сағат дем алса, иммунитетті күшейтіп, тыныс алу жолдарының жұмысын жақсартады. Сондай-ақ аллергияға бірден бір ем. Ағзаға жақсы әсер етуі үшін 7 күнге дейін ем алған жөн, дейді мамандар. Түркияда ара терапиясының бір күндік емі 130 доллар тұрады.
Тензиле Кылыч, жергілікті тұрғын:
- Химиялық жолмен жасалған кез келген дәрі бір жағынан адамды емдесе, екінші жағынан міндетті түрде басқа бір мүшесіне кері әсер етеді. Ара терапиясының адам азғасына тигізер шипасы мол.
Тегтер #Түркия #терапия #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz