RU
Толық нұсқаға өту

Грузияда «Шетелдік агенттер» туралы даулы заң күшіне енді

01.06.2025, 10:16 334

Грузияда «Шетелдік агенттер» туралы заң күшіне енді, деп хабарлайды 24kz.

Яғни, жеке тұлға немесе ұйым өзге елдің мүддесі үшін жұмыс істеп, сырттан қаржыландырылса, 10 күннің ішінде тіркелуге тиіс. Өйтпеген жағдайда 5 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Оның орындалуын Грузияның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бюросы қадағалайды. Заң бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін де қамтиды.

«Бұл шынайы мүддесін жасырып, қоғамға теріс ықпал етіп жүрген тұлғалар және ұйымдармен күресуге бағытталған шара», - дейді билік.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz