RU
Толық нұсқаға өту

Германия АҚШ-тың ірі технологиялық алпауыттарына 10% салық салуды жоспарлап отыр

01.06.2025, 14:25 364

Германия Alphabet пен Meta секілді АҚШ-тың ірі технологиялық компанияларына 10% салық салмақшы, деп хабарлайды 24kz.

Осы елдің Цифрлық технологиялар министрлігінің хатшысы Филипп Амтордың сөзінше, бұл алпауыттар миллиардтаған доллар пайдаға кенеліп жүргенмен, төлеп отырған салығы мардымсыз. Қазір неміс билігі онлайн платформаларға арналған салық бойынша заң жобасын әзірлеп жатыр. Дегенмен, Германия тарапы мәселені АҚШ-пен қарым-қатынасты ушықтырмай шешуге ниетті. Ал, Alphabet пен Meta компаниялары әзірге мәлімдеме жасаған жоқ.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz