RU
Толық нұсқаға өту

Канадада 188 орман алқабы өртеніп жатыр

01.06.2025, 15:36 415

Канада ормандары өртеніп жатыр, деп хабарлайды 24kz.

Манитоба провинциясында тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру үшін әскери ұшақтар мен тікұшақтар тартылды. Осы аймақ пен Саскачеван провинциясында төтенше жағдай жарияланды. Қос өңірде 188 от ошағы тіркелді.

«Құрғақ ауа мен күшті жел кедергі», - дейді өрт сөндірушілер. Канада үкіметі шетелден көмек сұрап отыр.

«Бұл жолғы өртті кейінгі 10 жылдағы ең қатерлі табиғи апат», - деп бағалады мамандар. Осы айда от 200 мыңнан астам гектар жасыл желекті жойған. Бұл әдеттегі көрсеткіштен 3 есе жоғары. Елдің Британиялық Колумбия, Альберта және Онтарио провинцияларында да жағдай қиын.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр Канадада алапат өрт 4 миллион гектар орманды жойып жіберген еді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz