Қытайда өзендер тасып, бірқатар аймақты су басып жатыр. Елдің оңтүстік-батыс бөлігінде бірнеше күн бойы жауған нөсерден өзен-көлдер лық толған.
Әсіресе Гуншань-Дулун мен Ну уездінде жағдай қиын. Сарқыраған су бірнеше қабатты тұрғын үйлерді шайып кеткен. Маңызды жолдар мен әлеуметтік нысандарға да зақым келді. Апат аудандарынан тұрғындар жаппай эвакуацияланып жатыр. Адам өлімі мен жарақат алғандар туралы ресми мәлімет жарияланған жоқ. Құтқару шараларына қосымша күш тартылып жатыр.
Тегтер #Қытай #су тасқыны #нөсер #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz