RU
Толық нұсқаға өту

Газа секторында ұн қымбаттады

02.06.2025, 11:00 330

Қазір ұнның бір келісі 30 долларға жетіп қалған. 

Бұл шамамен 15 мың теңге. Былтыр 13 доллар болған еді. Тіпті бір кездері гуманитарлық ұйымдар ұнды адамдарға тегін таратты. Алайда Израиль әскері 2 наурыздан бастап көмек жіберуге шектеу қойғандықтан азық-түлік сияқты өте зәру тауарларды тарату ісін жекеменшік қор өз мойнына алды. Бұл мекемені Израиль мен АҚШ бірлесіп құрған. Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметі бойынша кейінгі 2 жарым аптада Газаға гуманитарлық көмек тиеген 800 жүк көлігі кірді. Бұл жұрттың мұқтаждығын тек 9 пайызға өтейді. Бұл жеткіліксіз. Сарапшылар анклавқа күніне 600 жүк көлігімен көмек әкелу керек дейді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz