Газа секторында бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастардың 40%-і Израиль шабуылдарынан қаза тапты.
Бұл туралы Палестинаның Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Израиль ауруханалардың барлығын дерлік бомбалап тастаған. Медициналық көмек көрсетуге мүлде мүмкіндік жоқ. Кеше ғана Израиль әскері қан тазалау орталығын жарып жіберді. Бұл мекемеде Газаның солтүстігіндегі науқастар ем қабылдап жүрген еді.
Естеріңізге сала кетейік, Израиль 18 мамырда жаңа құрлық операциясын бастады. Мақсаты – ХАМАС-ты толығымен жою.
Тегтер #Газа секторы #Израиль #әскери шабуылPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz