Оңтүстік Кореядағы президент сайлауында оппозициялық демократиялық партия үміткері Ли Чжэ Мён жеңіске жетті, деп хабарлайды 24kz.
Ол сайлаушылардың 49% дауысына ие болды. Ал қарсыласы, бұрынғы премьер-министр Ким Мун Су 7% кем дауыс жинады. Ол саяси додадағы жеңілісін мойындап, Лиді жеңісімен құттықтады. Сайлауға барлық дауыс берушілердің 80%-і қатысты. Бұл кейінгі 28 жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Оңтүстік Кореядағы қазіргі президенттік дода елдегі саяси дағдарыстан кейін ұйымдастырылып отыр. Оған бұрынғы президент Юн Сок Ёльге импичмент жарияланып, қызметінен шеттетілуі себеп болды.
Тегтер #Оңтүстік Корея #президент сайлауы #Ли Чжэ МёнPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz