RU
Толық нұсқаға өту

АҚШ-та дәрігерлерге шабуыл жасағандар 20 жылға сотталуы мүмкін

05.06.2025, 20:01 352

Ақ халаттыралрдың қауіпсіздігі мәселесі әлемде де өткір тұр. Тіпті дамыған мемлекет саналатын АҚШ-тың өзінде дәрігер қауіпті кәсіп иесі саналады, деп хабарлайды 24kz.

Өзге саламен салыстырғанда мұнда медицина қызметкерлері жұмыс орнында зорлық-зомбылыққа 5 есе жиі тап болады. Еуропада да жағдай оңып тұрған жоқ. Мұндай шабуылдарды болдырмау үшін билік заңды күшейтуге мәжбүр.

АҚШ-та медицина қызметкерлеріне жасалатын шабуыл көбейді. Әсіресе, коронавирус пандемиясы кезінде жағдай тіптен қиындап кеткен. Өйткені ауруханалар адамға лық толы болғанда ақ халаттылар науқастардың үйіне барып көмек көрсетуге мәжбүр болған. Шабуыл жиілеген соң жуырда медицина қызметкерлерін қорғау туралы федералды заң жобасы Сенаттың қарауына шығарылды. Соған сәйкес дәрігерлерге шабуыл жасағандар 20 жылға дейін сотталуы мүмкін. Бұдан бөлек, заң жобасы ақ халаттырларға өзін-өзі қорғау үшін күш қолдануға рұқсат етеді.

 

Испанияда 800 медицина қызметкеріне шабуыл жасалды

Еуропада да медицина қызметкерлеріне көп шабуыл жасалады. Сондай оқиғалар саны бойынша бірінші орында Испания тұр. Мұнда былтыр 800 дерек тіркелген. Дені дәрігердің ұзақ қабуылдауына қатысты. Бұдан бөлек, ақ халаттылардың қорытындысы мен тағайындаған дәрілеріне көңілдері толмаған науқастардың зорлық-зомбылыққа бару жағдайлары да көптеп тіркеліп жатады.

 

Бельгияда дәрігерге шабуыл жасағандарға жаза қатаң

Бельгияда да ұқсас жағдай. Сондықтан Кородьдікте медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағандарға қатысты жаза күшейтіліп жатыр. Енді медбике жұмыс орнында жарақат алса, кінәлі адам 3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Авторлары: Жұлдыз Атагельдиева, Асель Абдыкалыкова 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz