Газа халқы бүгін де тегін тамақ пен дәрі-дәрмек ала алмайды, деп хабарлайды 24kz.
Өйткені өңірге көмек тарату қоры осымен екінші күн жұмыс істемей тұр. Негізі ұйым бір күнге ғана жабылған еді. Бірақ шешімді ұзартатынын жария етті. Израиль мен АҚШ бастамасымен құрылған қордың жұмыс істегеніне бірнеше күн ғана болған. Бірақ басынан-ақ дауға қалды. Оған ондаған бейбіт тұрғынның қазасы себеп. Израиль әскері олар тегін тамаққа кезекке тұрғанда атыс ашқан. Еврей елінің қарулы күштері: «Палестиналықтарды әдейі көздеген жоқпыз», - дейді. Күдікті болып көрінгендерге ескерту жасағысы келгендерін айтады. Алайда халықаралық ұйым өкілдерінің бұған сенгісі жоқ. Олар сондай-ақ қорда көмек тарату бойынша тәртіптің жоқтығына алаңдап отыр.
Тегтер #Газа секторы #атыс #Израиль әскеріPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz