Шетелдік студенттердің визаларының күшін жою ең алдымен АҚШ-тың халықаралық беделіне нұқсан келтіреді. Бұл ретте Бейжің Америкада білім алып жүрген өз азаматтарын қорғау үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды. Қытайдың сыртқы істер министрлігінің өкілдері осылай деп мәлімдеді.
Өткен аптада Ақ үй әкімшілігі шетелдік студенттердің, соның ішінде Қытай азаматтарының визаларының күші жойылатынын ескерткен. Бұл коммунистік партиямен байланысы бар және жасанды интеллект секілді маңызды мамандықтар бойынша білім алатын шетелдіктерге қатысты талап. Ресми Вашингтон: «Ол ұлттық мүддені қорғау үшін жасалып отырған шара», – дейді.
2023-2024 оқу жылы АҚШ-қа сырттан бір миллионнан аса адам оқуға барып, ел экономикасына 44 миллиард доллар пайда әкелген. Студенттерің төрттен бірі – Қытай азаматтары.
Тегтер #Қытай АҚШ #шетелдік студенттер #виза #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz