Мұнда он отбасының сегізі үй жануарларын асырайды, деп хабарлайды 24kz.
Отбасы құрған жастар перезент сүюге неге асықпайды?
Жұлдыз Атагельдиева, тілші:
- Аргентина астанасы үшін бұл үйреншікті көрініс. Жергілікті халық осылай бас қосып, ит-мысықтарының туған күнін атап өтеді. Буэнос-Айрес – әр тұрғынға шаққандағы үй жануарларының саны бойынша көш бастап тұрған шаһардың бірі. Отбасылардың 80%-і үйінде төртаяқтыларды ұстайды. Бұл мысалы, АҚШ-пен салыстырғанда, 20%-ке көп.
Маркос Диас Видела, психолог:
- Біздің халықта жануарларды бірге алып жату не тіпті туған күнін атап өту деген бұрын жоқ еді. Бірақ қазір оларға отбасының мүшесіндей қарайтындар көбейді. Жағдай өзгерді.
Жағдайдың өзгеруіне экономикалық қиындықтар әсер еткен. Латын Америкасындағы бұл ел күрделі дағдарысқа түскен. Жұмыссыздық жайлап барады. Тұрғындардың жартысынан көбі кедейлікте өмір сүріп жатыр. Сондықтан жергілікті халық балалы болуға асықпайды. 2023 жылы бала туу көрсеткіші оның алдындағы 10 жылмен салыстырғанда 41%-ке төмендеп кеткен.
Кристиан Биалогурский, мұғалім:
- Шыны керек, менің жалақым түкке жетпейді. Айдың ортасына таман тиын-тебенім таусылып, банкке баруыма тура келеді. Немесе анамнан көмек сұраймын. Кейде керек десеңіздер, қоғамдық көлікпен жүретін картаны толтыра алмай қалатын жағдайға түсемін.
Ресми статистика бойынша Буэнос-Айресте 14 жасқа дейінгі 460 мың бала болса, иттердің саны 33 мыңға көп – 493 мыңға жуықтайды. Президенттің өзінде 4 төбеті бар. Хавьер Милей оларды әзілдеп: «төртаяқты балаларым» деп атайды.
Авторы: Жұлдыз Атагельдиева
Тегтер #Аргентина #үй жануарлары #бала туу көрсеткішіPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz