Зимбабведе пілдер егіс алқаптарын таптап жатыр.
Қуаңшылық салдарынан тамағын әрең тауып жүрген шаруалардың жанайқайына құлақ түрмесе болмайды, дейді мамандар. Пілдерді егіс алқаптарына жақындатпау үшін жаңа технологиялар көмекке келді.
Пілдер саны бойынша Зимбабве Оңтүстік Африкада Ботсванадан кейін екінші орында тұр. Елде бұл жануардың саны 100 мың шамасында. Оның 45 мыңы Хванге саябағын мекен етеді. Пілдер саны саябақ сыйымдылығынан 3 есе көп. Сондықтан сүтқоректілер азық таппай, егіс алқаптарын жиі шабуылдайды.
YOUTUBE.COM/TRT WORLD
Сензени Сибанда, фермер:
"Пілдер адамдар жүретін жолдармен жүріп, біздің өзен-көлдерімізден су ішеді. Тіпті егіннің қай кезде пісетінін де біліп алып, алқаптарымыздың ойран-топанын шығарады. Қазір қуаңшылық жайлап тұр. Өнім онсыз да аз. Өзімізге түк қалмайды."
Енді мұндай жағдайларды болдырмау үшін мамандар пілдердің мойнына ДжиПиЭС қарғыбау тағып қоятын болды. Жануарлар ауылдарға қарай жақындаса, саябақ қызметкерлерінің телефонына ескерту келеді. Олар тұрғындарға қоңырау шалып, қауіп туралы хабарлайды. Ұялы байланыс жоқ өңірлерге велосипедпен жылдам жетіп, ескертеді. Сол кезде тұрғындар шулап, пілдерді үркітеді.
YOUTUBE.COM/TRT WORLD
Капон Сибанда, волонтёр:
"Мен күнде таңертең велосипедке мініп алып, жолға шығамын. Саябақ маңындағы 10 шаршы шақырым аймақты тексеріп шығамын."
Егіс алқаптарынан бөлек бұл жануарлар адамдарға да шабуыл жасайды. Биыл алғашқы 3 ай ішінде пілдер, арыстандар мен гиеналар Хванге саябағына жақын маңда тұратын 18 адамды ажал құштырған.
Жұлдыз Атагельдиева
Тегтер #қорғану #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz