RU
Толық нұсқаға өту

Газада Израиль әскерінің әуе шабуылынан 47 адам қаза тапты

10.06.2025, 07:10 424

Газа секторында Израиль әскерінің әуе шабуылынан бір тәулікте 47 адам қаза тапты, деп хабарлайды 24kz.

400-ге жуық тұрғын жарақат алған. Бұл – жергілікті Денсаулық сақтау министрілігінің дерегі. Еврей армиясы Хан-Юнис, Рафах секілді бірқатар қаланы бомбалады. 

Ал, Жабалияда әскери операцияны күшейтетінін жариялағаннан кейін бейбіт тұрғындар беті ауған жаққа үдере көшті. Газа секторындағы Израильдің әскери операциясы 2023 жылы қазанда басталды. Содан бері 55 мыңға жуық палестиналық өлім құшты.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz