RU
Толық нұсқаға өту

Лос-Анджелесте жағдай ушығып барады

10.06.2025, 09:41 349

АҚШ үкімет қалаға тағы 700 Теңіз жаяу әскерін аттандырды, деп хабарлайды 24kz.

Олар Ұлттық гвардияның 2000 сарбазы жеткенше шепті ұстап, тәртіпті қадағалауға тиіс. Федералдық биліктің көші-қон полициясы 60 адамды қамауға алды.

Президент Дональд Трамп Калифорния штатының губернаторы Гэвин Ньюсомды қамайтынын айтқан. Оған «қаладағы зорлық-зомбылықты баса алмай отыр» деген айып тағылды. Бірақ аймақ басшысы да «Қамасаң қама» деп қасарысып отыр. Лос-Анджелестегі наразылық 6 маусым күні кешке басталған. Жексенбіде шерулер полициямен қақтығысқа және жаппай бүлікке ұласты.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz