Бес күннен бері жаппай наразылық пен тәртіпсіздік болып жатқан Лос-Анджелесте коменданттық сағат жарияланды.
Шектеуді қала мэрі Карен Басс енгізді. Енді кешкі сағат 8-ден таңғы 6-ға дейін көшеде бейсауат жүруге болмайды.
Бірақ бұл тыйым президент Дональд Трамптың мигранттарға қатысты саясатына қарсы бас көтергендерге еш әсер етпеді. Олар шеруді жалғастырып жатыр. Лос-Анджелес полиция департаменті "коменданттық сағат талабын бұзғандар жаппай қамауға алынады" деп ескертті. Сондай-ақ шеруге шыққандар арасында Палестина мен Мексиканың туларын ұстап алғандар бар. Осылайша олар Газа секторына және АҚШ-та босып жүрген мексикалықтарға қолдау білдіріп жүр.
Тегтер #Лос Анджелес #коменданттық сағат #Трамп #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz