Соңғы мәлімет бойынша Үндістандағы ұшақ апатынан 1 адам тірі қалды.
Бұл туралы Рейтер агенттігі хабарлады. Ахмедабад қаласынан Лондонға бет алған "Боинг-787" әуе көлігі жерден көкке көтеріле алмай, бірер секунд ішінде медициналық қызметкерлер жатақханасының үстіне құлаған. Апатқа ұшақтың құстармен соқтығысуы себеп болуы мүмкін деген болжам бар. Қазір құтқарушылар үйінділер астынан 204 адамның денесін шығарды. Қаралы тізім әлі өсуі мүмкін. Ресми деректерге қарағанда ұшақ бортында 242 адам болған. Олардың 12-сі - экипаж мүшесі. Жолаушылардың дені Үндістан, Ұлыбритания, Канада және Португалия азаматтары. Қазір жергілікті әуежай жұмысын уақытша тоқтатты. Ұшақ тиесілі "Эйр Индиа" әуе компаниясы апаттың мән-жайын анықтап жатқанын мәлімдеді.
Тегтер #Үндістан #ұшақ апаты #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz