Израиль Иран астанасына шабуыл жасады. Жергілікті мемлекеттік телеарна Тегеранда бірнеше жарылыс болғанын, қаланы қою түтін басқанын хабарлаған. Ресми Тель-Авив әуе соққысын жасағанын растады. Израиль әскерилері Ирандағы ондаған ядролық және әскери нысандарға соққы беріп жатқанын мәлімдеген. Парсы еліндегі әуе шабуылынан қорғаныс жүйесі толық іске қосылған. Әзірге құрбан болғандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
Израильде төтенше жағдай жарияланды
Израиль бүкіл ел аумағында төтенше жағдай жариялады. Өйткені Иран еврей мемлекетін зымыран және дронмен шабуылдауы мүмкін. Израиль иеленіп алған Құдыста таң атпай дабыл қағылды. Израильдің әскери шенеунігі: «Иранда бірнеше күн ішінде 15 ядролық бомба жасауға жеткілікті материал бар», – деп мәлімдеді. CNN телеарнасы АҚШ президенті Дональд Трамп шұғыл жиналыс өткізгелі жатқанын хабарлаған.
Тегтер #Израиль #Иран #шабуыл #төтенше жағдай #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz