Оңтүстік Африка Республикасында қар жауып, аласапыран тууы себепті 57 адам опат болған. Жергілікті билік өкілдері: «Қаралы тізім өсуі мүмкін», – деп отыр.
Өйткені үшті-күйлі жоғалып, табылмай жатқандар бар. Әсіресе Шығыс Каап провинциясында жағдай қиын. Өңірде өткен аптаның соңында күн күрт суып, қар сосын жаңбыр жауған. Бүлінген үй көп. Мыңдаған отбасы баспанасыз қалды. Аймақ билігі үкіметтен төтенше жағдай жариялауды сұрайды.
Жалпы Оңтүстік Африка Республикасында маусым мен тамыз аралығы қыс мезгілі болып саналады.
Тегтер #қар #Оңтүстік Африка #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz