АҚШ президенті Дональд Трамптың Калифорния штаты билігінің рұқсатынсыз аймақта ұлттық гвардияны орналастыруы мемлекет құрылымына қатер төндіруі мүмкін.
Өйткені орталық және штаттық әкімшілік арасындағы билік бөлінісі сақталмады. АҚШ-тың құқық және мемлекеттік саясат жөніндегі сарапшысы Дэниел Урман осылай дейді. Жалпы 1807 жылғы заңға сәйкес, АҚШ Президенті азаматтық соғыстың алдын алу мақсатында әскердің көмегіне жүгіне алады. Соңғы рет бұл заң 1992 жылы Лос-Анджелестегі қақтығыстар кезінде қолданылған. Дегенмен, Калифорниядағы қазіргі жағдайды сол кездегі ахуалмен салыстыруға келмейді. «Себебі бұл наразылық азаматтық төңкеріс сипатына ие емес», - дейді сарапшы.
Дэниел Урман, АҚШ-тың Құқық және мемлекеттік саясат жөніндегі сарапшысы:
- Тағы бір мәселе – әскерді штаттарда орналастыру қоғамды күшпен тежеуге әкеліп соғуы мүмкін. Яғни, Заңдағы бірінші түзетуде көрсетілген америкалықтардың наразылық білдіру сияқты фундаменталды құқығын жүзеге асыруына кедергі келтіреді. Президент штаттарға үнемі әскерді жіберіп, шерушілерді тұтқындайтын болса, онда халық наразылық акциясына шығу-шықпауы жайлы мұқият ойланбай ма? Меніңше, алғашқы президенттік мерзімімен салыстырғанда, екінші мерзімде Трамптың өз-өзін осылай ұстауы саяси тенденцияның өзгергенін білдіреді.
Тегтер #АҚШ #мигранттар #Дональд ТрампPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz